KZ
Өскемен
+27°
пасмурно жел 5,2 м/с, СБ
465.28 499.2 5.33

Көлігін тұраққа дұрыс қоймаған жүргізушілер жауапкершілікке тартылды – Өскемен

Фото: gov.kz

11.05.2023, 20:23 316

Өскемен қаласында Полиция басқармасының қызметкерлері ШҚО ТЖД қалалық ТЖ басқармасының мамандарымен бірлесіп арнайы профилактикалық рейд өткізді.

Рейд нәтижесінде көлігін аулаға дұрыс қоймаған екі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Профилактикалық рейд нәтижесінде екі жүргізуші аулаларда көлікті дұрыс қоймағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Күн сайын біз өз көліктерін "тастай" салып, кедергі жасайтын жандарды кездестіреміз, – деп атап өтті Өскемен қаласы полиция басқармасы жол-техникалық инспекциясының бастығы Сергей Коваленко.

Өрт сөндіру көлігінің сиренасынан шыққан сигнал апаттың белгісі болса да, азаматтардың көбі оны ескере бермейді. Мамандардың айтуынша, үйлер мен ғимараттардың кіреберісіне қойылған көліктер өрт сөндірушілерге діттеген жерге дереу жетуге кедергі келтіреді. Мұндай сәтте ең аз кідірістің өзі адам өміріне татиды.

– Өрт сөндіруші машиналары үйлердің аулаларындағы арнайы белгіленбеген тұраққа қойылған автокөліктермен күрес кезінде өртті сөндіруге және адамдарды құтқаруға арналған уақытты жоғалтып жатады. Автоцистернаны орнату көбіне мүмкін емес. Ең алдымен, азаматтар өрт тұтану ықтималдығын ескеріп, арнайы қызметтер кешігуі мүмкін екенін де ойлауы керек, – дейді ШҚО ТЖД мамандары.

ШҚО ТЖД көлік қоятын орынды таңдағанда арнайы техника кіре алатын орындарды бос қалдыру керектігін еске салады. Сонымен қатар арнайы сигналдары бар көлік құралдары жақындаған кезде жүргізушілер олардың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін жол беруге міндетті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив