KZ
Өскемен
-16°
туман жел 2 м/с, ОШ
451.03 487.47 4.94

«Алматы трассасы» төрт жолақты болады – Өскемен

12.05.2023, 10:19 416 Оразай Жеңісұлы

Қала кіреберісіндегі жол жөнделіп жатыр. Енді Қасым Қайсенов кентінен Меновное шағын ауданына дейінгі жол төрт жолақты болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Биыл біз бастаған ірі жобалардың бірі – осы. Қала кіреберісіне бес шақырымнан асатын заманауи кең жол салынады. Бұл маңызды жоба дейтініміз, біріншіден, облыс орталығына түрлі тауарлар Алматы жақтан келеді. Яғни ірі-ірі жүк көліктерінің 80 пайызға жуығы осы жолмен жүреді. Бұрын жол тар болғандықтан, жүк көліктері қоғамдық көліктерге, басқа да жеңіл машиналарға кедергі келтіретін. Екіншіден, Қайсенов кентінде тұрып, қалада жұмыс істейтін адамдар өте көп. Қалалық мектептерге баратын оқушылар мен студенттер де бар. Үшіншіден, Омбы-Майқапшағай республикалық жолы төрт жолақты болды. Сол жолмен ағылып келген көліктер қалаға кірерде кептеліске тап болады. Қаланың кіреберісі – қаланың айнасы. Сол себепті екі жыл бұрын Шешек асуы жақтағы кіреберіс жолды жөндеген едік. Енді "Алматы трассасы" аталып кеткен жолды ретке келтіреміз, – деді қала әкімі Жақсылық Омар.

Жобаны «КА-GRUPO» ЖШС мердігерлік ұйымы жүзеге асырып жатыр. Жоспар бойынша жол жұмыстары 1 шілдеге дейін аяқталуы тиіс. Содан кейін көше жарығы орнатылып, тротуарлар салынады.

Қала әкімі жол бойына жабық павильонды аялдама орнатуды тапсырды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив