KZ
Өскемен
-12°
плотный туман жел 2 м/с, В
451.03 487.47 4.94

Студенттер арасында «JasStar» фестивалі өтеді – Өскемен

12.05.2023, 11:25 345 Күмісжан Исан

13 мамырда «Ертіс концерт» акт залында Өскемен қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері арасында «JasStar-2023» байқауы өтеді. Байқау биыл араға 3 жыл салып қайта ұйымдастырылған.

«Студенттік көктемде» шығармашыл жастар ән, би сынды өнер түрлерінен жарысып, әзіл-сықақ қойылымдарын сахналайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Қаламыздың барлық тұрғындарын, қонақтарын, жастарымызды керемет кештің көрермені болуға шақырамыз. Бұл іс-шара ортаға 3 жыл салып, қайтадан қаламызға оралып отыр. Аталмыш іс-шара аясында қаламыздағы ең ірі екі оқу орнының студенттері өнер көрсететін болады. Жеңімпаз атанған оқу орны қала әкімінің ауыспалы кубогіне ие болады.Сонымен қатар, біз 5 аталым бойынша үздік деп танылған нөмірлерді марапаттаймыз. Барлықтарыңызды шақырамыз! Келіңіздер! Көріңіздер! Тамаша көңіл-күймен қайтуға шақырамыз! – дейді қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы Айдос Әділбеков.

Қатысушылар «Үздік вокалдық номер», «Үздік хореографиялық қойылым», «Үздік әзіл», «Үздік ерекше жанр», «Үздік дәстүрлі номер» сынды аталымдар бойынша бақ сынайды.

Шараның басталуы сағат 12.00-де, кіру – тегін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив