KZ
Өскемен
+27°
пасмурно жел 2 м/с, С
475.03 517.21 5.44

Үлбі көпірінен секірмек болған жігіт құтқарылды – Өскемен

13.05.2023, 09:21 372 Ләззат Қанатқызы

Өскеменде Үлбі көпірінен секірмек болған жігіт құтқарылды. Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша ақпарат Өскемен қалалық ПБ ЖБО-дағы "102" арнасына келіп түскен.

Хабарды ала салысымен "Буран-6" патрульдік полиция батальонының экипажы дереу оқиға орнына жетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

  "Аға лейтенант Руслан Рашидов көпірден секірмек болған жігітпен сөйлесіп, оның назарын аударған уақытта аға лейтенант Досым Кеңесбаев жігітке жүгіріп барып, қоршау арқылы қауіпсіз жерге сүйреп алып шықты. Оқиға тәртіп сақшыларының бейнежазбасына жазылған", дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

 



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив