KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 4 м/с, В
474.83 518.99 5.4

Өскемендегі «Аналар үйі» 10 жылдығын атап өтті

13.05.2023, 10:39 514 Ләззат Қанатқызы

Бүгін облыс орталығындағы «Аналар үйі» 10 жылдық мерейтойын атап өтті. Аталмыш ұйым 10 жылдан бері қиын жағдайға тап болған жүздеген әйелдің қоғамнан өз орнын тауып, отбасын сақтап қалуға жәрдем беріп келеді.

Аталған уақыт аралығында "Аналар үйі" 300-ден астам қызға және 8 мыңға жуық балаға көмек берген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Қазір орталықта алты ана мен сегіз бала тұрып жатыр. Бұрын біз 30 жасқа дейінгі әйелдерді және 1,5 жасқа дейінгі балаларды ғана қабылдайтынбыз, ал қазір жас мөлшеріне шектеу жоқ. 10 жыл ішінде біз қызмет аясын едәуір кеңейттік, – деп атап өтті "АНА ҮЙІ" ҚҚ "Ана үйі" ресурстық орталығының өңірлік маманы Наиля Оңғарбаева.

Айтулы мерекеге қиындыққа тап болып, "Аналар үйінде" тұрған әйелдер де келді. Қазір көпшілігінің баласы мектеп оқушысы болса, өздері барлық қиындықты еңсеріп, өз істерін ашқан көрінеді.

– Мен жүкті болған кезде ата-анам қарсылық білдіріп, не баласыз үйге келуімді, не мүлде кетуімді талап етті. Бір шешім қабылдаудан қорқып, баламнан бас тартпақ болғаным да рас. Бірақ мен баламды таңдадым. Бұл ұйым маған туыстарым бере алмаған жылулық пен көмек берді, қолдау көрсетті. Сол үшін шексіз алғысымды білдіремін, – дейді "Аналар үйінің" тұрғыны Айнұр. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив