KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, З
448.56 478.03 4.79

Өскеменде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

18.05.2023, 14:46 360 Оразай Жеңісұлы

Облыс орталығында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Қала тұрғындарына төрт жүзден астам қызмет ұсынылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Бұл – дәстүрлі іс-шара. Жұмыссыз жүрген қала тұрғындары бұл жолы да шараға белсене қатысып жатыр. Демек, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі нәтиже береді деген сөз. Жәрмеңке жұмыс беруші мен жұмыс іздеушінің ашық диалог алаңына айналды. Дәл осы жерде қызметке орналасып, өз ұжымын тапқан адамдар аз емес. Іс-шараға қатысушы кәсіпорын өкілдеріне алғыс айтамын, – дейді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ирина Смит.

Жәрмеңкеде 40 жұмыс беруші 400-ден астам жұмыс орнын ұсынды. Олардың қатарында «Үлбі металлургия зауыты» АҚ, «Global Invest International» ЖШС, «Заммлер Казахстан» ЖШС сынды кәсіпорындар, «Қазақстан Халық банкі ШҚОФ» АҚ және тағы басқа мекемелер бар.

 – Біз жұмыспен қамту орталығымен тығыз байланыстамыз. Мұндағы мамандардың нұсқауымен Үлбі зауытына жұмыс іздеп келетін жастар өте көп. Біздің талаптарға сай келсе әрі денсаулық жағдайы жарамды болса, әлбетте, біз оларды жұмысқа аламыз. «ҮМЗ» АҚ ірі өндіріс ошағы болғандықтан, жұмыстың да түр-түрі бар. Сондықтан біз бүгін тұрғындардың барлық сауалына жауап беруге келдік, – деді «ҮМЗ» АҚ өкілі Ольга Надточий.

Ал жұмыс іздеп келгендердің қатарында жас та, жасамыс та бар. Қызмет ауыстыруға ниетті қала тұрғындары да бұл іс-шараны күтіп жүретін көрінеді.

 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімі ғимаратының жанында жәрмеңкемен қабат көрме-сатылым ұйымдастырылды. Сатылымға мүгедектер қоғамдық бірлестігі өкілдерінің және мемлекеттік грант иегері болған кәсіпкерлердің тауарлары шығарылды.

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив