KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 1 м/с, С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Азаматтардың аты-жөнін дұрыс жазуға арналған айлық өтеді – Өскемен

19.05.2023, 12:13 592

Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 15 мамыр мен 15 маусым аралығында қала көлемінде «Ататек – ұлттық негізіміз» айлығын жариялады.

Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – азаматтарға аты-жөнді дұрыс жазу мәселесін түсіндіру, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

​Айлық шеңберінде бірқатар шаралар атқарылады. Дәлірек айтқанда, ҚР Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» Жарлығын түсіндіру мақсатында қала жұртшылығына үгіт-насихат, ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар Өскемен қаласындағы білім беру ұйымдарында аталған Жарлықты түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылады. Байланыс нөмірі: 8 (7232) 577998.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу