KZ
Өскемен
-14°
небольшой снег жел 1,4 м/с, Ю
451.03 487.47 4.94

Өнер музейінде «Музейдегі экспонат» іс-шарасы өтті – Өскемен

Фото: gov.kz

19.05.2023, 14:39 342 Күмісжан Исан

18 мамырда «Музей түні» халықаралық акциясы аясында Шығыс Қазақстан өнер музейі «Музейдегі экспонат» атты шаралар сериясын дайындады.

Музейге кіреберістегі шағын алаңда мереке лебі есетін бұрыш ұйымдастырылған. Онда тұрмысқа қажетті шағын көрнекіліктер, бұйымдар мен өнер туындыларын еркін алмастыру үшін жабдықталған «Flea market» үстелдері орналастырылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Шарада ағайынды Абдуллиндер атындағы музыкалық училищенің студенттері аспапта ойнап, Оқушылар шығармашылық үйінің ансамблі би биледі.

«Айналайын» бұрышы мен «Айналайын» балалар көрмесінде жасөспірімдер мен оқушыларға арналған түрлі ойын-сауық, балалар байқаулары жеңімпаздарының көрмесі, экскурсия ұйымдастырылды.

Қолданбалы өнер шеберлерінің жәрмеңкесінде келушілер қыш құмыраның жасалу жолын тамашалап, сазды көркем өңдеу бойынша сабаққа куә болды.

Сонымен қатар музей жобаларының белсенді қатысушылары марапатталып, кәсіби және әуесқой фотографтар мен суретшілер қонақтардың келбетін қағаз бетінде бейнелеп, сыйға тартты.

Келушілер байқауларға қатысып, сыйлық ұтып алды. Сонымен қатар «Digital art» байқауы ұйымдастырылып, жаңа технологияның ғажап мүмкіндіктері таныстырылды.

Кешке «Музыкалық калейдоскоп» атты концерттік бағдарлама басталып, қаладағы шығармашылық ұжымдар өз өнерін паш етті.

Шараға 300-ден астам адам қатысқан.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив