Өскеменде тағы да ауа сапасы нашарлайды
Облыс орталығында ауа сапасы төмендейді. Мамандардың айтуынша, екінші дәрежелі қолайсыз метеожағдай болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«19 мамыр сағат 21.00-ден 20 мамыр сағат 21.00-ге дейін Өскемен мен Риддерде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады», деп жазылған хабарламада.
Өңірлердегі ауа сапасына байланысты деректер жарияланатын ecodata.kz сайтында Шығыс Қазақстанда атмосферадағы зиянды заттар мөлшері біршама артқаны жазылған.
Оқи отырыңыз