KZ
Өскемен
+15°
небольшая облачность жел 0,2 м/с, ОШ
451.38 487.22 5.14

Қалалық спорт лигасының жабылу салтанаты өтеді – Өскемен

Фото: Шартты сурет

19.05.2023, 19:26 414

20 мамырда Өскемен қаласының білім беру мекемелері арасындағы қалалық спорт лигасының жабылу салтанаты өтеді. «Восток» стадионында өтетін алғашқы маусымның жабылу салтанатын қалалық денешынықтыру, спорт және туризм бөлімі мен білім бөлімі бірлесе ұйымдастырған.

2022-2023 жылғы маусымға қаланың 48 білім беру мекемесінің 9-11 сынып оқушылары қатысып, баскетбол, волейбол, минифутбол, гандбол, асық ату, бес тас, тоғызқұмалақ, үстел теннисі сынды 9 спорт түрі бойынша сынға түсті. Жарысқа 7 мыңға жуық оқушы қатысқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Лиганың жабылу салтанатында №12 мектептің "Чир-хип-хоп" чирлидерлері, Шығыс Қазақстан облыстық шинкиокушинкай карате федерациясы өнер көрсетеді. Сонымен қатар көркем гимнастика бойынша бағдарламалық нөмір қойылып, Өскемендегі танымал блогерлер мен мектеп лигасының спортшылары арасында футболдан жолдастық матч ұйымдастырылады. Жабылу салтанатында қала әкімі Жақсылық Омардың қатысуымен қалалық мектеп лигасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтеді.

Мекенжайы: Гагарин бульвары, 15/1, «Восток» стадионы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив