KZ
Өскемен
-16°
пасмурно жел 1,3 м/с, ОШ
451.03 487.47 4.94

Өскемен қаласының ең үздік ұстаздары кімдер?

23.05.2023, 16:11 411 Мадина Амангелдіқызы

Өскемен қаласында мұғалімдер арасында байқау өтті.

Облыс орталығындағы «№9 орта мектебі» КММ базасында қаланың жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері үшін «Үздік тіл пәндерінің мұғалімі - 2023» облыс әкімінің сыйлығына арналған байқаудың қалалық кезеңінің қатысушылары марапатталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Байқауға қаланың 18 мектебінен қазақ, орыс, ағылшын тілі мұғалімдері қатысты. Іс-шараға 31 мұғалім, оның ішінде жүлделі орындарға ие болған мұғалімдер шақырылды.

​Қазақ тілі мұғалімдері арасындағы қалалық байқауда  I орынды  Ж.Тойбулдинова (№29 мектеп), II орынды – Д.Бөкеева (№7 мектеп), III орынды - Н.Магзиева (№10 мектеп-гимназия) иеленді.

Орыс тілі мұғалімдерінің арасында: I орын А.Тұрсынғалиева (№3 мектеп-лицей), II орын – Р.Абышева (№46 мектеп), III орын – А.Сембинова (№49 мектеп).

Ағылшын тілі мұғалімдерінің арасында: I орын  – Р.Мухаметрахимова (№46 мектеп), II орын – Ж.Манапова (№48 мектеп), III орын – Т.Нигай  (№8 мектеп).

Сондай-ақ іс-шарада «Диалог шебері», «Үздік көптілді мұғалім», «Ең креативті» және басқа да аталымдар бойынша үздік педагогтарды атап өтті.

Байқау жүлдегерлері мен қатысушыларына грамоталар мен сертификаттар табыс етілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив