KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 1 м/с, С
474.09 514.01 5.48

ШҚО-ның 105 елді мекенінде мобильді интернет жоқ

Фото: автордікі

25.05.2023, 21:06 336

Өңірге сапары аясында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин облыс тұрғындарымен жүздесіп, базынасын тыңдады.
Интернет пен мобильді байланыс туралы бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында министр облыстағы 105 елді мекенде мобильді интернет жоқ екенін атап өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

  – ШҚО бойынша 363 елді мекен бар, соның ішінде 105-інде мобильді интернет жоқ. Айталық, 10-20-сында істеп тұрған интернет әлсіз. Сондықтан осы мәселелерді шешу үшін облыс әкімдігімен, Даниал Кенжетайұлының өзінің ұсынысымен біз арнайы Жол картасын құрдық. Ол Жол картасының ішінде 2-3 жылдың ішінде барлық осы 105 ауылда тиісті антенна тіректері құрылып, тиісті оптикалық сымдар сол жерге жеткізіліп, осы байланыс мәселелерінің барлығы шешіледі. Жол картасының аясында әкімдік те өзінің үлесін қосады. Осы жылдың өзінде әкімнің тапсырмасымен облыс әкімдігінен 1,2 млрд теңге қаражат бөлініп отыр. Операторлардың көмегімен тағы да орасан зор инвестиция құйылады. Сондықтан алдағы 2024-2025 жылдары осы мәселелердің барлығы облыс бойынша шешіледі, – деді министр.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив