KZ
Өскемен
-16°
пасмурно жел 1,3 м/с, ОШ
451.03 487.47 4.94

Комендантка өзеніндегі субұрқақты балдыр басып тұр

Altaynews

2.06.2023, 09:34 269 Дәурен Аллабергенұлы

Коменданткадағы субұрқақ орнатылған жасанды бассейн түбін батпақ басып кеткен. Су бетінде жасыл балдырлар қалқып жүр.

Осылай деген сол маңда тұратын өскемендіктер редакцияға хабарласқан болатын. Қала тұрғындары егер субұрқақ осылай қараусыз қала берсе, көлшік бақаларының мекеніне айналуы да ғажап емес дегенді айтады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.    

Өскемендіктердің айтуынша, Коменданткадағы субұрқақ балалар арасында ерекше танымал екен, себебі олар оны суға шомылатын бассейнге айналдырып алған көрінеді. Субұрқақ жағдайына қатысты жауапты мекеме өкілдерінің де жауабын тыңдадық.

– Айына бір рет субұрқақтың жабдықтары тоқтатылып, жиналған кір мен шөгінділерден жуылады. Мұндай жиілік нормативтік құжаттарда қарастырылған. Кез келген басқа қалалық субұрқақ сияқты бұл тоғандарда суға түсуге болмайды. Оның суы орталық құбырдан емес, жерасты суынан сорғылар арқылы беріледі. Ешқандай тазалаудан өтпейді. Жақында сорғы жабдығы ауыстырылды, жұмыс істеп тұр. Алайда біз судың сапасы мен оның тазалығына жауап бермейміз, – деп хабарлады "Таза-Өскемендегілер".

Дегенмен, қаланың коммуналдық қызметтері су қоймасын тазартып, субұрқақты дұрыстап қоюға уәде берді.

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив