KZ
Өскемен
+24°
переменная облачность жел 3 м/с, С
519.58 609.36 6.63

Ғасырлар бойы ұлт аңсаған азаттық – Мемлекеттік рәміздер күні

Фото: ШҚО ТЖД

4.06.2023, 16:29 411

Бүгін 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай облыс орталығындағы Тәуелсіздік монументінің алдында Әнұранды жаппай орындау акциясы өтті.

Мерекелік іс-шараға облыс мәслихатының депутаттары, кәсіподақ бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері, Ұлттық ұлан сарбаздары және рухты жастар қатысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран – Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.
Барша қазақстандықтарды 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Көк байрағымыз аспанымызда мәңгі желбіреп, Әнұранымыз бейбіт күнде шырқала берсін!» – дейді ШҚО ТЖ департаментіндегілер.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу