KZ
Өскемен
+28°
ясно жел 2 м/с, СБ
473.15 515.12 5.4

Қыздар төбелесіне байланысты сот отырысы басталды – Өскемен

Бейнежазбадан алынған кадр

5.06.2023, 19:34 915 Мадина Амангелдіқызы

Өскеменде болған қыздардың төбелесі бойынша сот отырысы басталды.

Бұл іске қатысты бүгін бірінші сот отырысы өтті. Бірақ сот жабық түрде өткізілетін болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Айта кетсек, Шығыстың ғана емес, бүкіл ел жұртшылығын жаға ұстатқан оқиға биыл көктемде болған. Сауда үйінің әжетханасында колледж студентін аяусыз соққыға жыққан қыздардың видеосы әлеуметтік желіде таралып, қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Бұл іс бойынша бүгін сот отырысы басталды. Судья айыпталушы тараптың және прокурордың ұсынысымен сот жабық түрде өтеді деген шешімге келді. Алайда жәбірленуші тарап, яғни соққыға жығылған қыздың анасы мен туыстары соттың ашық өткенін қалап отыр.

Прокуратура өкілі сот шешімі ресми түрде жарияланатынын жеткізді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив