KZ
Өскемен
+17°
ясно Штиль
451.38 487.22 5.14

Үй ауласында 250 бала жиналып, мерекені тойлады – Өскемен

Фото: ШҚО ПД

6.06.2023, 12:32 263

Өскемен қаласындағы КШТ ауданында орналасқан үйлердің ауласында Балаларды қорғау күніне орай шара өтті.

"Көңілді старттар" шарасын ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы Өскемен қаласы ПБ Үлбі полиция бөлімімен және ата-аналар комитетімен бірлесе ұйымдастырған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Аудандағы ауланың біріне әртүрлі жастағы 250-ден астам бала жиналып, ата-аналар мен денешынықтыру мұғалімдері ойластырған жарыстарға қатысты.

Сонымен қатар жарыс кезеңдерінің арасындағы үзілістерде қатысушылар ән айтып, би билеп, әртістер домбыра тартып, шығыс жекпе-жегінің техникасын танытты.

Жеңімпаздар мен көзге ерекше түскен балаларға Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының атынан бағалы жүлделер және сыйлықтар табысталды. Барлық қатысушыға арнайы бас киім мен футболка үлестірілді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив