KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 4 м/с, С
442.84 480.97 5

Өскеменде жол апатынан 2 адам зардап шекті

Фото osa_uka_vko

7.06.2023, 23:43 450 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығындағы Сәтбаев даңғылында жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Hyundai IX35 маркалы автокөліктің 53 жастағы жүргізушісі Сәтбаев даңғылынан солға бұрылған кезде маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбеген. Салдарынан қарсы жолақта келе жатқан Kia Rio көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жол апаты салдарынан кроссовердің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

 "Аталған факт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабына сәйкес әкімшілік хаттама жасалды (көлік құралдарының, жүктердің, жолдардың, жол және басқа да құрылыстардың бүлінуіне әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзу). Сот-медициналық сараптама тағайындалып, оның нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданады", дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Айта кету керек, осы баптың санкциясы бойынша 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 6 айға дейінгі мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру көзделген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив