KZ
Өскемен
+22°
небольшая облачность жел 3 м/с, Ю
442.85 480.32 4.94

Өскеменде азық-түлік дүкенінен өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

7.09.2023, 10:30 173 Ләззат Қанатқызы

6 қыркүйек күні түнде облыс орталығында Назарбаев даңғылындағы 4 қабатта тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкендердің бірінен өрт шықты.

Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар бірінші кезекте 14 тұрғынды эвакуациялаған, оның ішінде 2 бала бар, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

  "Дүкендегі тоңазытқыш жанып кеткен. Өрт сөндірушілер 10 шаршы метр аумаққа тараған тілсіз жауды ауыздықтап үлгерді. Өрттің алдын ала себептері – электр сымдарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау", – дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

ШҚО ТЖД мамандары кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертеді. Егер қандайда бір төтенше жағдайға тап болған жағдайда немесе өрт шыққанда бірден 101 немесе 112 арнасына хабар беріңіз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив