KZ
Өскемен
+24°
небольшая облачность жел 3 м/с, СБ
451.77 485.97 5.07

Өскемендегі кейбір аулаішілік жолдарға орташа жөндеу жүргізіледі

Фото - автордікі

21.09.2023, 18:30 178

Өскемен қаласында биыл 100 аулаішілік жолды жөндеу жобасы қолға алынған. Қазір Қазақстан көшесі, 65 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің ауласында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жоспар бойынша аулаішілік жолдағы шұңқырларды жабу қарастырылған. Алайда жөндеу жұмысын тексерген әкім Жақсылық Омар аталған аулаішілік жолда орташа жөндеу жұмысын жүргізу қажеттігін айтты.

Енді қаладағы бірқатар аулаішілік жолға орташа жөндеу жүргізілетін болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Біз қазір аулаішілік жолдарды жөндеп жатырмыз. Кейбір учаскелерде шұңқырды ғана жабу қажет. Ал кейбір учаскелерде орташа жөндеу жүргізіп, қайта асфальт төсеу қажет. Мектептерге, әлеуметтік нысандарға, мемлекеттік мекемелерге қарай түскен жолдарды орташа жөндеу қажет. Оны іс барысында шешеміз, - дейді қала әкімі.


      

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив