KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 2 м/с, ОБ
478.58 520.84 5.44

Өскеменде жергілікті өнім көрмесі өтеді

Фото: egemen.kz

29.09.2023, 15:46 368

11 қазан күні Өскемендегі өндірушілердің өнімі ұсынылған көрме өтеді. Көрмеге жергілікті өндірушілер өз өнімін қойып, оны сатып қана қоймай, инвесторлар тартып, олармен тікелей жүздесіп, әрі мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат алады.

Бүгінгі таңда жергілікті өндірушілер форумына қатысуға 38 кәсіпкер өтінім берген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– 11 қазанда Өскемендегі тауар өндірушілердің өнімдерінің көрмесін жоспарлап отырмыз. Көрме Қ.Сәтпаев даңғылы, 88|2 мекенжайындағы «Неке сарайының» үлкен залында өтеді. Ол жердің көлік қоятын орны мен залдың аумағы ыңғайлы. Іс-шара екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде тауарлар қойылған көрме өтсе, екінші кезеңде сол тауарларды сатуға болады. Көрмені өткізудегі басты себеп – жергілікті өндірушілердің импортты алмастыратын тауарларын көрсету, яғни импорттық өнімді жергілікті өніммен алмастыру, – дейді Өскемен қаласының Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Гасан Тұрғанбаев.  

Бұл шара жергілікті өндірушілердің өнімін наисхаттау, олардың қызметін таныту мақсатында өтеді. Көрмеге құрылыс материалдарын өндіру, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі, металлургия, машина және құрылыс өнеркәсібі, химия өнеркәсіп, ағаш өңдеу және жиһаз өенркәсібі, басқа да түрлі саланың өкілдері қатысады. Форумда шағын, орта және ірі бизнес өкілдері қамтылмақ. Ұйымдастырушылар қазіргі таңда 149 кәсіпкерге шақырту жіберген, оның ішінде 38-і қатысуға келіскен.

Сонымен қатар, оған қатысу шығындарын әкімдік өтейді дейді Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы. Жергілікті өндірушілер өнімі ұсынылған көрме қала деңгейінде алғаш ұйымдастырылмақ. Оның айтуынша, егер бірінші алғашқы көрмеден жақсы нәтиже шықса, жыл сайын өйткізу жоспарланған екен. Толық ақпарат алу үшін Өскемен қаласының Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне хабарласуға болады. Байланыс телефоны : 8 776  141 55 52, 8 777 708 55 00, 8 707 671 84 94, 8 (7232) 26 22 84.

– Көрмеге Мансап орталығы арқылы қайтарымсыз грант алғандар да қатысады. Қайтарымсыз грант жаңа бизнес ашамын деушілерге беріледі. Ол халыққа қызмет көрсету, шағын өндірістік цех құру, мал және құс шаруашылығы, кондитерлік өнімдер өндірісі және басқа бағыттардағы жобаларға ұсынылады. Биылдан бастап 21-35 жас аралығындағы жастарға 5 млн теңге көлемінде несие береміз. Көрме – кәсібін енді бастайтын адамдар үшін тәжірибе алудың бір жолы. Кәсіпті қалай ашып, оны қалай дамыту керектігі туралы ақпарат ала алады, – дейді қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Кәмшат Баубекова.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив