KZ
Өскемен
+26°
переменная облачность жел 4 м/с, СШ
474.83 515.38 5.5

Өскеменде қасбеттік материалдар шығарылады

1.12.2023, 17:14 245 Ләззат Қанатқызы

Бүгінде Өскемен қаласында қасбеттік материал өндіретін кәсіпорын 6 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Үкіметтен қолдау алып өз кәсібін бастаған жандардың бірі - Ерасыл Жанахметов. Ол Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде грант алған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бүгін қала әкімі Жақсылық Омар аталмыш кәсіпорынның жұмыс барысымен танысып қайтты.

- Түрлі қасбеттік материалдарды жасаймыз. Құрылыс материалдары әр жердің климатына бейімделіп дайындалады. Ашылғанымызға 1 жылға жуық уақыт болды. Қазіргі күні 6 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Көбінесе осындағы көпқабатты тұрғын үй салып жатқан мердігерлер тапсырыс береді, - дейді Ерасыл Жанахметов.

Жас кәсіпкер жақында «Даму» қорынын 5 миллион теңге көлемінде грант алған. Бұл қаржыға жаңа құрылғылар алуды жоспарлап отырған көрінеді.

Қала әкімі өз кезегінде жергілікті кәсіпкерлердің жұмысы ілгерілеуі үшін барынша қолдау көрсететінін жеткізді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив