KZ
Өскемен
+33°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
474.83 515.38 5.5

Студенттік Универсиада биыл ерекше болмақ

23.05.2023, 16:30 427 Мадина Амангелдіқызы

Қазақстанда ЖОО студенттері арасында жазғы Универсиада ойындары өтеді.

Ертең еліміздегі жоғары оқу орындарының студенттері арасында ХІІ жазғы Универсиада басталады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Алғаш рет Маңғыстау облысының Ақтау қаласында 2023 жылғы 24 мамыр – 24 маусым күндері ҚР жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы ХІІ жазғы Универсиада ойындары өтеді,

Универсиада ойындары ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен және Yessenov University ұйымдастыруымен өткізіледі.

Алдыңғы универсиада бағдарламаларында 30-дан аса спорт түрі болса, қазіргі таңда олар 17-ге дейін ықшамдалып, ең негізгі спорт түрлері ғана таңдап алынған екен. Сондай-ақ бұрынғы универсиадалар спорт түрлері бойынша үш-төрт қаланы қамтитын болса, бұл жолғы универсиаданың ерекшелігі – барлық жарыстар бір аймақта ұйымдастырылмақ.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив