KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 4 м/с, СБ
511.22 540.05 4.73

Қазақстанда фармацевтикалық субстанциялар міндетті тіркеу тізіміне қосылмаған

Фото: Шартты сурет

24.05.2023, 20:36 441

Фармацевтикалық субстанция (белсенді фармацевтикалық субстанция) – дәрілік препараттарды өндіруге және дайындауға арналған дәрілік зат.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі кейбір дәрі-дәрмектердің, жақпа мен ерітінділердің қымбаттауы туралы БАҚ-тағы жарияланымдарға қатысты хабарлама жариялады. Хабарлама фармацевтикалық субстанцияларды тіркеу мен сертификаттаудың жаңа талаптарына байланысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Министрлік мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта елде тиісті өндірістік практика (GMP) жағдайында өндірілген субстанциялар міндетті тіркеу рәсіміне жатпайды.

– Бұған дейін «Таза парақтан реттеу» жобасы шеңберінде дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды дайындау қағидаларына өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралған болатын. Субстанцияларды тіркеу туралы тармақты қоса алғанда, ұсынылған өзгерістер мен толықтырулармен бұйрық жобасы көпшілік талқылау үшін ашық қолжетімділікте жарияланды. Талқылау барысында жобаны әзірлеушілер бизнес-қоғамдастықтың, қоғамдық бірлестіктердің және бейінді сарапшылардың ұсыныстары мен ескертулерін назарға алды.
Ұсыныстарды ескере отырып, ереже бұйрығының жобасы жаңа редакцияда өзгертілді, атап айтқанда, фармацевтикалық субстанцияларды міндетті тіркеу қажеттілігі туралы тармақ алынып тасталды. Осылайша, Қазақстан аумағындағы тиісті өндірістік практика (GMP) жағдайында өндірілген фармацевтикалық субстанциялар әлі де міндетті тіркеуге жатпайды, – делінген Министрліктің әлеуметтік желідегі хабарламасында.

Елде 2020 жылға дейін белсенді фармацевтикалық субстанциялар міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өткізілген еді. 2020 жылдан бастап «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне сәйкес тиісті өндірістік практика (GMP) жағдайында өндірілген фармацевтикалық субстанциялар мен фармакопеялық дәрілік өсімдік шикізаты мемлекеттік тіркеуге жатпайтын көрінеді.

 

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу