KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями Штиль
443.16 480.39 4.94

Жаяу жүргіншіге жол бермеген жүргізушілер анықталуы мүмкін

Фото: Шартты сурет

28.05.2023, 16:30 253

Жолдағы көлік қозғалысы тәртібін бейнекамера арқылы бақылау мүмкіндігін кеңейту қажет. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха елордада өткен жолдағы қауіпсіздік саласында жаңа технологияларды пайдалану тақырыбы қозғалған форумда айтқан.
Ол бейнекамералардың бүгінгі таңдағы мүмкіндігін атап өтіп, оны кеңінен пайдалану керектігін жеткізген, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Жол ережесін бұзу деректерін цифрлық технологиялар арқылы анықтау деңгейін әлі де көтеру керек. Қазір жолдағы қиылыстарды, Bus Lane жолағын бақылау, жылдамдық режимі талаптарын орындамаған жүргізушілерді анықтау камералар арқылы іске асырылып жатыр. Дегенмен, біз осы камералардың мүмкіндігін кеңінен пайдалануды талап етіп отырмыз, – деді Игорь Лепеха.

Сонымер қатар ол алдағы уақытта «Сергек» бейнекамерасы арқылы қандай ереже бұзу деректерін анықтауға болатынын да атап өтті.

– Ең алдымен, камералар жаяу жүргіншілер жолағынан автокөліктер өткен кезде болатын ереже бұзу деректерін анықтау керек деп санаймыз. Яғни жүргізушілер жаяу кетіп бара жатқан адамдарға жол бермей жатады. Елімізде жаяу жүргіншілерді қағып кетуге қатысты жол-көлік оқиғаларының саны өте көп. Егер біздің камералар жүргізушілердің осы заңсыз әрекеттерін, сондай-ақ жолда ұялы телефон мен қауіпсіздік белдігін пайдалану ережелерін бұзғанын тіркесе, бұл шешімдер жұмысымызды жеңілдетер еді, – дейді Игорь Лепеха.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив