KZ
Өскемен
+25°
пасмурно жел 5,8 м/с, СБ
465.28 499.2 5.33

Ақтөбеліктер түтінге тұншығып, ауруханаға түсіп жатыр

Фото: KAZ.NUR.KZ

5.06.2023, 21:38 321 ALTAINEWS

Ақтөбеліктер үш күннен бері түтінге тұншығып, ауруханаға түсіп жатыр.

Ақтөбеде қала жанындағы қоқыс полигоны жанып, тұрғындар түтінге тұншығуда, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

Көздері удай ашыған қала тұрғындары сыртқа шыға алмай қалды. Бұған қатысты әкімдік өкілдері пікір білдіріпті.

Айта кетсек, Ақтөбе қаласы еліміз бойынша лас қалалардың бестігіне кіреді.

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Айдос Хамиевтің айтуынша, аумағы 42 гектар болатын қатты қалдықтар полигоны 2007 жылы пайдалануға берілді. 2015 жылы бірінші рет үлкен өрт жағдайы тіркелген. Содан бері жыл сайын өртену, тұтану жағдайлары қайталанып келеді. Былтыр 17 жану жағдайы тіркелсе, 2021 жылы 30 рет өртену, тұтану жағдайы болды. Биылдың өзінде жетінші мәрте тұтану болды.

"2 маусымнан бастап осы жағдай қайталанып тұр. Қала әкімдігі және жергілікті төтенше жағдай басқармасының күш құралдарын тарта отырып, өртті сөндіру шаралары қабылдануда. Өртенген аумақ шамамен 1 гектар жерді құрайды. Желдің бағыты ауысып тұр. Кеше, бүгін жел қалаға қарай бағытталғандықтан түтін қалаға дейін жетті. Күннің ыстық болуы, желдің жоқтығы түтіннің сейіліп кетуіне кері әсерін тигізіп отыр", – дейді Айдос Хамиев.

Қала әкімінің орынбасары қатты қалдықтар полигонындағы өрт ертең таңертеңге дейін толық сөндіріледі деп сендірді. Ал алдағы уақытта полигонды 60 см қалыңдықта құммен жабу жұмыстары жүргізілмек. Полигонды толық көлемде топырақпен жабу үшін 219 млн теңге қаражат қарастырылған.

 

 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив