Аягөз-Бақты теміржолының құрылысына қажетті жерлер белгіленді
Фото: pixabay.com
Абай облысында Қытаймен теміржол тасымалын 20 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретін теміржол құрылысы жоспарланған.
Қазіргі таңда Аягөз-Бақты теміржол бағытының құрылысына қажетті жерлер белгіленіп, резервке қойылған. Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев көшпелі баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.
Абай облысының аумағында салынатын теміржолдың ұзындығы 270 шақырымды құрайды. Оның құрылысына қажетті жерлер белгіленіп қойған екен.
Сондай-ақ облыс әкімі бұл жобаны іске асыру Қытай Халық Республикасымен арадағы теміржол тасымалының көлемін жылына 20 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.