KZ
Өскемен
-14°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
451.03 487.47 4.94

Қазақстандағы мұнай өндіру 56%-ға төмендеді

Фото: qazaqtimes.com

29.11.2023, 10:09 192 Ынтымақ Толқын

Еліміздегі ірі кен орындарында мұнай өндіру 56%-ға төмендеген.

 

Оған Каспий құбыр консорциумында (КҚК) қабылдауға қойылған шектеулер мен ауар райы әсер еткен, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

 

Бүгін ҚР энергетика министрлігі мұнай қндірісі бойынша мәлімдеме жасады. Энергетика министрінің кеңесшісі Шыңғыс Ілиясовтың айтуынша, Теңіз кен орнында тәуліктік мұнай өндіру айтарлықтай қысқарған.

 

- Ауа райы жағдайларына және КҚК қабылдауға шектеулерге байланысты Теңіз кен орнындағы тәуліктік мұнай өндіру 39 мың тоннаға дейін төмендеді, бұрын бұл көрсеткіш тәулігіне 84 мың тонна болатын. Қазір еліміздегі ірі кен орындарында өндіру көлемінің төмендеуі 56% болып отыр. Энергетика министрлігінде жағдайдың қанша уақытқа дейін қалыпты жағдайға келетіні туралы деректер жоқ. Жақын арада қысқарту және өндірісті түзету өз деңгейінде қалады, -деді ол.

 

Айта кетелік,  27 қарашада Новороссийск теңіз портындағы дауылды жел мен күшті толқындарға байланысты Каспий құбыр консорциумы (КҚК) теңіз терминалы арқылы экспортталатын қазақстандық мұнайды жөнелтуді тоқтатқан болатын.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив