KZ
Өскемен
+21°
небольшая облачность жел 2 м/с, З
449.76 483 5.05

Шығысқазақстандық оқушылар ғылыми жобаларын таныстырды

17.04.2023, 20:46 463 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-да оқушылар арасында үш күндік фестиваль өтті. Онда жас ғалымдар Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-дың ғылыми қызметкерлеріне өздерінің авторлық өнертабыстарын көрсетті.

Фестиваль ғылым айлығы аясында ұйымдастырылған. Онда мектеп оқушылары көптеген жобаларды ұсынды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Алғашқы күні қазылар алқасы 16 жұмысты бағалады. Олардың арасында дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешеннің оқушысы Денис Лагутиннің жұмысы бар. Өткен жылы ғана ол органикалық және минералды тыңайтқыштарды қолдана отырып, микроклоналды көбею әдісімен картопты сауықтыру жобасын ұсынды. Негізінен, пияз, жұмыртқа қабығы, банан қабығын, шай жапырақтары, қызылша қабығы мен цитрус қабығын пайдаланған. Денистің бұл жобамен айналысқанына екі жыл болыпты.

Ал болашақ эколог Нұрәли Жаңабаев күн батареясын пайдалану негізінде экоауылдар құруды ұсынады. 

Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешеннің оқушысы Глеб Воеводинның әзірлемесі «Ғажайыптар елі «Арнайы мектеп – балабақшасы» түзету орталығында сәтті жүзеге асуда. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың моторикасы мен ойлауын дамыту үшін картон пайдаланған. Жинақта дыбыстық талдау, математикалық білім, логика, зейін, есте сақтау, ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған картоннан жасалған құралдар бар. Сондай-ақ Глеб Воеводин «Пайдалы зерек шеберханасы» электронды кітабын әзірлеген. Ол арқылы QR-код көмегімен қуыршақ театрының кейіпкерлерімен бірге «Кішкентай бота қалай спортшы болды» атты үш тілде ертегі оқуға болады.

 

Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешеннің оқушылары Алан Дүйсен мен Даниил Феденев бастауыш сынып оқушыларының тактикалық ойлауын дамыту үшін білім беру процесінде арнайы ойын тренажерін құруды және пайдалануды ұсынады.

Ал №34 мектеп-лицейдің жас өнертапқышы Руслан Тихомиров атмосфералық қысымға байланысты ауа райының өзгеруін бақылау және тәжірибе жүргізу құралын жасаған.

Екінші күні Ұлан ауданы мен Өскемен қаласының жас өнертапқыштарының авторлық жұмыстары таныстырылды. Бұл күні 28 жұмыс таныстырылды.

Ұлан ауданының Герасимовка орта мектебінің оқушылары Мәрмәр Мәулітбек пен Нұрбол Мантай инновациялық механикаландырылған бесік макетінің үлгісін әкелген. Балалар бұл жобаға бір жыл уақыт жұмсапты. Олардың айтуынша, мұндай бесік редукторлы электр қозғалтқышының арқасында артық дыбыссыз болады. Жас өнертапқыштар бесікті қазақ ою-өрнегімен безендіріп, ұлттық әндер ойнайтын музыкалық құрылғы орнатқан.

Өнеркәсіпке арналған таңбалаушы автоматтандырылған станокты Өскемен қаласының №7 орта мектебінің сегізінші сынып оқушысы Ярослав Заботин ойлап тапты. Ол қала өнеркәсібінің дамуына өз үлесін қосқысы келеді. Оның идеясы Өскемен титан-магний комбинатының мысалында жүзеге асырылды. Зауыт әлемдік титан өнімдерінің төрттен бірін өндіреді. Өнімінің бірі цилиндрлік және металл бөшкелерге салынған титан губка. Күн сайын зауыт қызметкерлері экспортқа 500 цилиндрлік бөшке дайындайды. Мұндағы басты қолайсыздық олар бояулар мен трафарет көмегімен қолмен таңбаланады. Осылайша, Ярослав «ӨТМК» АҚ үшін бұл процесті автоматтандыру жолында тиімді шешім қарастырған. Станоктың макетін әзірлеуге шамамен сегіз ай уақыт кеткен. 3D-принтермен басылған. Алдымен компьютерде таңбалау мәтіні дайындалады, содан кейін станокқа цилиндрлік бөшке бекітіледі және компрессордың көмегімен таңбалау үшін бояу беріледі.

Үшінші күні тағы 17 жоба жұрт назарына ұсынылып, фестивальдің қорытындысы шығарылды.

 

«Ғылымға алғашқы қадамдар» номинациясында:

Үшінші орынды Алтай қаласының №9 орта мектебінің 3-сынып оқушылары Раиса Әбілтай мен Аяна Нұрланова, сондай-ақ Глубокое ауданы О.Бөкей атындағы қазақ орта мектебінің 4-сынып оқушысы Нұртілеу Ағзам алды.

Екінші орын Ұлан ауданы Б.Ахметов атындағы орта мектебінің 3-сынып оқушысы Нұрболат Тұрсынханов және Өскемендегі Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенінің оқушылары Алан Дүйсен мен Даниил Феденев.

Бірінші орын – Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешеннің оқушысы Глеб Воеводин және Алтай қаласы орта мектебінің 4-сынып оқушысы Айзере Жакежанова.

 «Әлеуметтік гуманитарлық бағытта»:

Үшінші орын Глубокое ауданы О.Бөкей атындағы қазақ орта мектебінің 10-сынып оқушысы Жалғас Саматов.

Екінші орын Алтай ауданының №2 Жаңа Бұқтырма орта мектебінің 7-сынып оқушылары Руслан Шматов пен Артемий Маслов.

 Бірінші орын Ұлан ауданы Герасимовка орта мектебінің оқушылары Мәрмәр Мәулітбек пен Нұрбол Мантай.

«Жаратылыстану техникалық бағытта»:

Үшінші орын Өскемендегі №37 көпсалалы орта мектебінің 11-сынып оқушылары Федор Самойлов, Владимир Астахов.

Екінші орын қалалық №7 орта мектебінің 8-сынып оқушысы Ярослав Заботин.

Бірінші орын Ұлан ауданы Т.Тоқтаров атындағы мектеп-балабақшасының 6-сынып оқушысы Томирис Көрпеш.

Жүлделі орындардан бөлек екі қатысушыға С.Аманжолов атындағы ШҚУ білім беру грантын алуға сертификат берілді. Бірі жаратылыстану-техникалық бағыт бойынша Өскемен қаласы №1 Шәкәрім атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Ерсін Сейтқамзинге бұйырса, екінші сертификат Алтай қаласының №9 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Нұрай Құрманғажыға табысталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив