KZ
Өскемен
+16°
небольшой проливной дождь жел 1 м/с, С
450.79 482.21 5.05

ШҚО-да 700-ге жуық жәрмеңке өткізілді

28.04.2023, 10:01 228

ШҚО-дағы азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорлары аясында бірқатар шара атқарылды.
Өткен жылы облыстың қалалары мен аудандарында 3 млрд теңгеден астам сомаға 687 жәрмеңке өткізілген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында 2022-2023 жылдарға арналған айналым схемасы шеңберінде бірқатар шара қабылданған. Атап айтқанда, облыс бойынша 23340 тонна азық-түлік тауарын, оның ішінде 17713 тонна жеміс-көкөніс өнімдері мен 5727 тонна бакалея өнімдерін жеткізуге 3932 млн теңге сомасында қарыз берілген көрінеді. 
Сонымен қатар, өткен жылы облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, "Фреш Маркет" аумағында 62 жәрмеңке, облыстағы қалалар мен аудандарда 3 млрд теңгеден астам сомаға 687 жәрмеңке өткізілді.
Халықты азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында осы жылдың қаңтар айынан бастап ауылшаруашылық жәрмеңкелерін өткізу қайта басталған. Жәрмеңкелерде негізінен сүт және ет өнімдері, балық, бал, жарма, картоп, көкөністер мен жемістер, күнбағыс майы, ұлттық тағамдар сынды тауарлар сатылады.
Дерекке сәйкес, демалыс күндері осындай жәрмеңкелерді өткізу әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұруға және халықты орташа нарықтық бағадан 10-15% төмен бағадағы сапалы және табиғи азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етуге оң әсер етеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив