KZ
Өскемен
-15°
туман жел 3,1 м/с, В
451.03 487.47 4.94

Риддерде төтенше жағдай режімі сақталады

3.05.2023, 15:26 250 Оразай Жеңісұлы

Риддерде бүгін жылыту маусымы аяқталды. Енді желілерді жөндеу жұмыстары басталады.

Қала әкімдігінің мәлімдеуінше, жылумен жабдықтау желілерінің 89 пайызы тозып кеткен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Алайда жөндеу жұмыстары «Риддер ЖЭО» АҚ иелерінің емес, бюджет есебінен жүргізіледі. Станцияны басқару мәселесі әлі шешілмегенін айтуымыз керек.

Риддер әкімінің міндетін атқарушы Дархан Қосантаев ыстық су, шамамен, 10 мамырда өшірілетінін айтты. Қалада төтенше жағдай режімі әлі де сақталады.

– Төтенше жағдай режімі сақталады. Өйткені «Риддер ЖЭО» АҚ-ның меншік иесі тұрғындар үшін аса маңызды нысанды басқаруда дәрменсіздік танытып отыр. Ал ТЖ режімі күшінде болса, біз мемлекет тарапынан бұл іске араласып, процесті бақылай аламыз, – деп түсіндірді Дархан Қосантаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив