KZ
Өскемен
-16°
туман жел 2 м/с, ОШ
451.03 487.47 4.94

Биыл 182 мың көшет отырғызылады – ШҚО

шартты сурет

3.05.2023, 16:05 268 Оразай Жеңісұлы

«Облыс елді мекендерін көгалдандырудың 2021-2025 жылдарға арналған жоспарына» сәйкес өңірде 476,5 мың ағаш отырғызу жоспарланған.

Бұл туралы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының өкілі айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Өткен екі жылда өңірде 277 мың ағаш отырғызылды. Өскеменде 26 мың тал егілді. Бұл жұмыс биыл да атқарылады. 2023 жылы облыс орманы 182 мың түп ағашпен толығады. Өскеменге 15 мың көшет отырғызамыз, – деді басқарма басшысының орынбасары Еламан Мұхтарханов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив