KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 1 м/с, С
451.38 487.22 5.14

Полиция департаменті азаматтарды басшылық қызметке шақырады – ШҚО

Фото: Шартты сурет

11.05.2023, 21:33 493

ШҚО ПД Патрульдік полиция батальоны азаматтарды ішкі істер органдарында қызмет етуге шақырады. Қазіргі таңда басшылық құрамдағы лауазымдарға қызметке орналасу мүмкіндігі бар.

Келтірілген дерек бойынша, аталған қызметтің өз артықшылығы да жеткілікті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ішкі істер органдарында қызмет атқарудың бірқатар артықшылығы бар. Дәлірек айтқанда, жұмыс берушінің есебінен бастапқы оқыту және біліктілікті арттыру, қызмет өтілі мен арнаулы атағына байланысты лауазымдық жалақы мөлшерінің ұлғаюы және оның тұрақты, уақтылы төленуі, сауықтыруға, мансаптық өсуге арналған жәрдемақылар, ведомстволық емдеу мекемелерінде тегін медициналық қызмет көрсету, арнаулы атағына байланысты 48 жастан бастап зейнетке шығу (ішкі істер органдарында кемі 12 жыл 6 ай үздіксіз еңбек сіңірген жағдайда) сынды артықшылықтар қарастырылған.

Бұл лауазымға үміткер жандарға қойылатын талап та жоғары. Талап бойынша 35 жастан аспаған, бойы 170 см кем емес, білімі – арнаулы орта және жоғары (басшылық құрамдағы лауазымға), Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің уәкілетті органы беретін тестілеуден өткені туралы сертификаты бар, денсаулық жағдайы бойынша жарамды деп танылған (әскери-дәрігерлік комиссия анықтайды) үміткерлер өтінім бере алады.

Толық ақпаратты мына телефон нөмірі арқылы алуға болады:  

+7 (777) 981-21-66

Мекенжайы: Өскемен қ., Назарбаев даңғ., 73/1.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив