KZ
Өскемен
+31°
переменная облачность жел 3 м/с, В
474.83 515.38 5.5

Бұқтырманың айдыны тарылып барады – ШҚО

Фото: Шартты сурет

12.05.2023, 10:42 463

Әлеуметтік желіде Бұқтырма су қоймасындағы су деңгейінің төмендегенін бейнелеген фотосуреттер тараған. Осы мәселеге қатысты Су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттеу жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясының өкілі түсініктеме берді.

Маманның дерегінше, су деңгейі жыл сайын шамамен 10%-ға төмендеп келеді, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Бұқтырма су қоймасында 2020 жылдан бастап су азайып келеді. Жыл сайын су деңгейі шамамен 10 пайызға төмендеуде. Бұл – табиғи құбылыс. Әзірге судың азаюы балық қырылуына әкеліп соғып жатқан жоқ. Бірақ егер су деңгейі осылай төмендей берсе, оның салдары болады, – дейді инспекция басшысының міндетін атқарушы Ернар Мәдиев.

Оның сөзіне сүйенсек, биылғы қыс қарлы болғанына қарамастан су қоймасындағы су деңгейі төмендеп кеткен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив