KZ
Өскемен
+5°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
447.89 476.78 4.79

Денсаулық пойызы тегін қызмет көрсетеді – ШҚО

шартты сурет

12.05.2023, 21:00 285 Оразай Жеңісұлы

Мамыр айының соңында Шығыс Қазақстанның шалғайда орналасқан станцияларына медициналық пойыз қатынап, жергілікті халыққа тегін медициналық қызмет көрсетіледі.

Естеріңізде болса, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы жанындағы «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қоры еліміздің Ішкі істер және Денсаулық сақтау министрліктерімен бірлесе отырып 2010 жылдан бері «Медициналық пойыздар» әлеуметтік жобасын іске асырып келе жатыр. Жоба аясында шалғайда орналасқан станциялар мен оларға жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындарын тегін медициналық тексеруден өткізу көзделген.

Осы себепті пойыздар медициналық-санитарлық алғашқы көмек және консультациялық-диагностикалық көмек көрсетіп, пациенттерді зертханалық әдістермен тексерістен өткізеді, қажет болған жағдайда ота да жасайды, жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдама береді. Бүгінде "Медициналық пойыздар" медициналық кабинеттері мен жоғары жылдамдықты интернет желісі жоқ өңірлерді қамтып отыр.

Биыл аталмыш жоба аясындағы "Медициналық пойыз" құрылған кестеге сай өңіріміздің Алтай, Глубокое, Ұлан аудандарына және Риддер қаласына табан тіремек. Жоба аясында шалғайдағы жұртшылық терапевт, стоматолог, офтальмолог, лор дәрігері, хирург, уролог, маммолог, педиатр және психолог сияқты негізгі медициналық мамандарға қаралып, қажетті кеңес алады. Сонымен қатар Президент жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат комиссиясының бастамасына сай, алғаш рет бұл жобаға кәсіби медиаторлар мен заңгерлер де тартылып, халыққа медиациялық, психологиялық және құқықтық қызмет көрсетіледі.

Оған қоса азаматтарға мемлекеттік әлеуметтік қолдау, зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер мен атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бағытында да кеңестер берілмек. "Медициналық пойыздың" қызмет көрсететін уақыты төмендегі кестеде көрсетілген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив