KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
444.79 481.04 4.95

Риддерлік шеберлер авторлық қуыршақтардың халықаралық көрмесіне қатысты

15.05.2023, 16:01 436

Алматы қаласында 20 сәуір мен 4 мамыр аралығында ҚР Мемлекеттік орталық музейінде авторлық қуыршақтар мен Тедди қонжықтарының халықаралық көрмесі өткен. Көрмені музей «Asia Doll» Қазақстан қуыршақ шеберлерінің шығармашылық одағымен бірлесе ұйымдастырған.

Қазақстанның бірқатар қаласы мен Ресей, Беларусь, Қырғызстан сынды елдердің шеберлері қатысқан көрмеге риддерлік шеберлердің төл туындылары да қойылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Көрмеге шығыстық шеберлер де қатысып, туындыларын ұсынған. Риддерлік Ирина Недобитко мен Ирина Итахунова қолдан шыққан төл қуыршақтарын көрмеге қойды.

 

  – Көрме шеңберінде жыл сайынғы ұзақмерзімді «Жібек жолының алтын ғасыры» жобасы таныстырылды. Жобаға Ирина Итахунованың «Жібек жолы» тақырыбындағы авторлық жұмысы және менің «Ертегі» тақырыбындағы жұмысым кірді. Үй түріндегі туынды жасауды бұрыннан жоспарлап жүргенмін. Қандай ертегі дұрыс болатынын ойластырып, ағайынды Гриммдердің «Пряничный домик» («Гензель и Гретель») ертегісін таңдадым. Жұмысымды пірәндік және печеньемен сәндедім. Туынды аралас техника бойынша жасалған. Балаларды тәттімен арбап, шақыратын мыстан кемпірді үйдің кіреберісіне орналастырдым. Мен ұлттық, дәстүрлі бағыттағы ойыншықтарды жасауды ұнатамын. Пасха мерекесіне байланысты бір жұмысым да осы көрмеде таныстырылды. Ол – мотанка қуыршақтарынан тұратын композиция. Құрылым өзім тіккен рушникке орналастырылған.
  Мен Риддер қаласындағы «Достық үйінде» жұмыс істеймін. «Шеберлер қаласы» студиясын жүргіземін. 13 жыл бұрын бұл студияны өзім ұйымдастырдым. Студияда балалар мен ересектер қөлөнер үйренеді. Кейде менің сабақтарыма ата-аналар балаларымен бірге келеді, – деп түсіндірді Ирина Недобитко. – Ирина Итахунова авторлық қуыршақтар жасаумен бұрыннан айналысады. Оның туындылары шетелде де, Қазақстанда да танымал.

  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив