KZ
Өскемен
+24°
переменная облачность жел 2 м/с, ОБ
478.58 520.84 5.44

ШҚО-да көшкін мен сел қаупі әлі де сейілмеді

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

16.05.2023, 19:16 360 Оразай Жеңісұлы

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті сел жүру қаупі жоғары кезең басталғанын мәлімдеді.

Өңір аумағында сел жүру қаупі төніп тұрған 13 учаске бар. Қауіпті учаскерлер Алтай, Катонқарағай, Зайсан аудандары мен Риддер қаласының аумағында,

«Аталған аудандардағы таулардың басында 146 мұздық көл пайда болды. Бұл көлдер 13 елді мекенге қауіп төндіреді. Мамандар жыл сайын көлдер мұздан әлі ашылмаған сәттен бастап және олардың толық еруіне дейін сел қаупін бақылау үшін аэровизуалды зерттеу жүргізеді», делінген ақпаратта.

Тағы 9 учаскеде көшкін қаупі бар. Риддер қаласындағы Громотуха, Үбе, Алтай ауданындағы Бұқтырма, Хамир, Черновая, Катонқарағай ауданындағы Бұқтырма, Зайсан ауданындағы Кендірлік жағасы қауіпті аймақтарға жатады.

«Сел қаупі бар учаскелерде 20 ескерту және тыйым салу қалқаны және көшкін қаупі жоғары учаскелерде 18 қалқан орнатылды. Сел және көшкін жүруі мүмкін аудандардың жергілікті атқарушы органдарына, объектілер мен кәсіпорын басшыларына, жеке тұрғын үй иелеріне тиісті хабарламалар мен ұсынымдар жіберілді», делінген хабарламада.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив