KZ
Өскемен
+28°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
473.15 515.12 5.4

Театр өнері фестивалінің облыстық кезеңі соңына жетті – ШҚО

Фото: gov.kz

18.05.2023, 20:33 354

12 мамыр күні «Театрдың ғажайып әлемі» атты театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңі өтті.

Фестивальді ШҚО білім басқармасы қарамағындағы «Дарын» орталығы ұйымдастырған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Театр – жеке тұлғаның рухани-адамгершілік мінезін, эстетикалық танымын тәрбиелейтін, дамуға, өз ойын ашық білдіре алу қабілетін жетілдіруге жетелейтін өнер. Байқау балалар мен жастар арасында театр өнерін дамыту және қолдауға бағытталған.

Қатысушылар – жалпы орта, қосымша білім беретін ұйымдар арасында өткен аудандық, қалалық кезеңдерде жеңіске жеткен өнерпаздар. Сонымен қатар дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептердің іріктеуден өткен театр ұжымдары да қатысты.

Ұжымдар 4 номинация аясында бақ сынады. Дәлірек айтқанда, «Драмалық спектакль», «Музыкалық спектакль», «Әдеби-музыкалық композиция», «Қуыршақ театры» сынды аталымдарға бөлінген.

Фестиваль-байқау нәтижесі бойынша бас жүлде Тарбағатай ауданы С.Торайғыров атындағы негізгі орта мектебінің театр ұжымына бұйырды. І орынды Катонқарағай ауданы шығармашылық үйінің «Дарындылар» ұжымы, ІІ орынды Глубокое ауданының Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің «Премьера» театр студиясы, ІІІ орынды Өскемен қаласындағы «Жұлдыз» өнер мектебінің «Улыбка» театр ұжымы иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар табысталды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив