KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
442.85 480.32 4.94

Экология министрі ауаны ластайтын кәсіпорындар туралы айтты – ШҚО

20.05.2023, 11:30 246 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстандағы кәсіпорындар ауаны шектен тыс ластайды. Облыс – шығарындылардың көлемі бойынша еліміздегі «жетекші» өңірлердің бірі.

Бұл туралы өңірге жұмыс сапарымен келген экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Ел бойынша ластаушы заттар шығарындыларының нақты көлемі биылғы жылдың 1 тоқсанында, шамамен 401,08, мың тонна болса, Шығыс Қазақстанда – 13,15 мың тонна. Бұл былтырғымен салыстырғанда 3,2%-ға төмен. Бұған табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру арқылы қол жеткізілді. Өңірдегі экологиялық проблемаларды шешу бойынша жол картасында 35 іс-шара көзделген. Олардың үшеуі орындалды, – деді Зүлфия Сүлейменова.

Министр облыстағы негізгі проблемалар қалдықтарды басқару инфрақұрылымының дамымауынан, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының нормаларға сәйкес келмеуінен және рұқсат етілмеген полигондардың көптігінен туындағанын атап өтті. 

– Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында биылғы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі 21,9% құрады, бұл ұқсас кезеңмен салыстырғанда 9%-ға жоғары. Өңір халқының 60%-ы ҚТҚ жинау және әкету қызметтерімен қамтылған. Бөлек жинау және сұрыптау облыстың 2 елді мекенінде енгізілді және ел бойынша 768 қалдықтарды басқару кәсіпорнының 56-сы Шығыста жұмыс істейді. Космомониторинг аясында 2022 жылы өңірде 241 полигон анықталды. Шамамен 79% жойылды, – деді министр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив