KZ
Өскемен
-16°
пасмурно жел 1,3 м/с, ОШ
451.03 487.47 4.94

ШҚО әкімі "Дейнека" компаниясынан ақшаны қайтаруын талап етті

23.05.2023, 17:03 450 Мадина Амангелдіқызы

Даниал Ахметов "Дейнека" компаниясынан адамдарға ақшаны толығымен қайтарып беруін талап етті.

ШҚО әкімі проблемалық жағдай өзегіне айналған "Дейнека" компаниясы бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Айта кетсек, броньдау шарттары бойынша Өскеменнің 50 тұрғыны осы фирмаға 737 миллион теңге төлеген екен. Бүгінгі таңда қаражат тек жеті адамға қайтарылды. 13 сатып алушы сотқа талап арыз берді, 17-сі ақшаны өз еркімен қайтаруды күтуде, тағы 13 адам құрылысты аяқтауды талап етіп отыр.

Алайда компанияның шоттарында ақша жоқ, яғни объектілерді аяқтауға да еш қаражаты жоқ. Оларда үш позиция (тоғыз қабатты үйлер) болды, қазір фирма өкілдері бір үйді тоғыз емес, алты қабатпен аяқтауға мүмкіндік беруді сұрайды. Ал бұл келісімшартты және жобалық-сметалық құжаттаманы тікелей бұзу болып табылады.

Аймақ басшысының айтуынша, аудиттен кейін жұмыстарды орындамау фактілері анықталған, бір ұстаным бойынша шартты бұзу және залалдарды өтеу туралы талап арыз беріліпті, сонымен қатар ӘКК сот-құрылыс сараптамасын жүргізу туралы өтініш хат берген екен.

– Енді бұл компания мемлекетті және оның серіктестерін қайтадан алдамайтынына кепілдік жоқ. Сондықтан біз "Дейнека" фирмасы барлық қатысушылармен броньдау шарттарын бұзып, адамдарға ақшаны толығымен қайтарып беруін талап етеміз, – деді Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив