KZ
Өскемен
+17°
ясно Штиль
451.38 487.22 5.14

ШҚО-да шомылуға рұқсат етілген 14 учаске бар

23.05.2023, 18:00 287 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО ТЖД құтқарушылары рұқсат етілген және тыйым салынған шомылу орындарының тізімін белгіледі.

Жаздың басталуымен құтқарушылар азаматтарды жазатайым оқиғалардан қорғау үшін су айдындарында үлкен профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қауіпсіз демалыс көп жағдайда шомылатын орынды таңдауға байланысты болады.

Облыстық әкімдіктің 20.04.2021 жылғы №124 қаулысымен аймақта жаппай демалу үшін 14 учаске анықталған. Онда 1 муниципалды (Ұлан ауданы) және 4 коммуналдық жағажай (Өскемен қаласы – 2, Алтай ауданы – 2) жұмыс істейді. Сондай-ақ шағын көлемді кемелерде жүзуге тыйым салынған 78 орын және 31 орын белгіленген.

Шомылуға рұқсат етілген 14 учаскеде 120 демалыс базасы орналасқан.

Демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша патрульдеу үшін Бұқтырма су қоймасында мобильді бекеттер, сондай-ақ жылжымалы бекеттер жұмыс істейді. Олар Өскемен қаласының аумағына қызмет көрсететін болады: Сарыбел бекеті, Күршім ауылының ауданындағы бекет, Бұқтырма су қоймасында Көгілдір бұғаз кентінде ЖҚБ және (ҚММ, Меновное көлдері және Самал жағажайы) құтқару бөлімшесі бар.

Тыйым салынған учаскелерде арнайы белгілер орнатылған. Мұнда, әдетте, күшті ағын бар, түбін сүңгуірлер тексермейді, сондықтан өзендерде тастар, металл арматура және денсаулыққа қауіп төндіретін және адам өліміне әкелетін басқа заттар, немесе түбіндегі шұңқырлар, тереңдігі төрт немесе одан да көп метрге дейінгі жартастар болуы мүмкін.

ШҚО ТЖД мамандары демалушыларды тыйым салатын белгілерге немқұрайды қарамауға, қауіпсіздік мақсатында өңірде 14 арнайы бөлінген орындарда ғана демалуға шақырады.

Айта кетсек, өткен жылы шомылу маусымында Шығыс Қазақстанда 7 адам суға батып кетті, барлық жазатайым оқиғалар жабдықталмаған шомылу орындарында болды. ТЖ қызметкерлері 14 адамды құтқарды, оның ішінде 2 бала бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив