KZ
Өскемен
+20°
небольшая облачность жел 3 м/с, Ю
442.85 480.32 4.94

Ауылдарда кәсіптік оқыту басталды – Күршім ауданы

25.05.2023, 20:02 248 Мадина Амангелдіқызы

Күршім ауданының ауылдарында тұрғындарды кәсіптік оқыту бойынша шаралар қолға алынды.

Мемлекеттік қолдау шараларын көрсету аясында 15 мамырдан Қалжыр ауылында мобильді оқу орталығының базасында тұрғындарды кәсіптік оқыту басталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Елімізде азаматтардың сапалы білім алып, білікті мамандар қатарын толықтыруы үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Жобаға қатысуға ниет білдірген «Жайна» ЖК және «ЖАЗ» ЖШС екі жұмыс берушінің өтінімдеріне сәйкес, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша 11 тұрғын оқып жатыр. Атап айтқанда, газбен дәнекерлеуші мамандығына 3 адам, электромонтер мамандығына 2 адам, аспаз мамандығына 3 адам, есепші-кассир мамандығына 3 адам.

Оқуға ниет білдірушілерді 1 ай бойы оқытады, оқу кезенінде бір адамға шәкіртақы төленеді (21 787 теңге).

Оқуын аяқтаған соң арнайы куәлік табыс етіледі, сондай-ақ жұмыс берушілеріне мамандықтары бойынша тұрақты жұмысқа орналастырылатын болады.

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив