KZ
Өскемен
-12°
плотный туман жел 2 м/с, В
451.03 487.47 4.94

ШҚО-да "Кәсіпке бағыт" бойынша оқытуға топтарды іріктеу жүріп жатыр

Фото: ШҚО КП

26.05.2023, 09:46 211 Дәурен Аллабергенұлы

Шығыс Қазақстанда шағын және орта бизнес субъектілерінен өтінімдерді қабылдау және "Кәсіпке бағыт" бағыты бойынша оқыту үшін топтарды іріктеу жалғасуда.

Келесі салаларда жұмыс істейтін кәсіпкерлер оқудан өте алады: ірі қара мал өсіру (сүт бағыты), ара шаруашылығы, балық өсіру, майлы және дәнді дақылдар өсіру. Оқыту өтеусіз негізде өткізіледі және тиісті сертификатпен расталады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– "Кәсіпке бағыт" бағыты бойынша оқытуды жылына бір рет нақты салаларда тәжірибесі бар салалық сарапшылар жүргізеді. Сабақтар ШҚО кәсіпкерлер палатасының, оқу орталықтарының, колледждердің және облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдарының базасында өтеді. Кәсіпорындағы тәжірибені қоса алғанда, оқу ұзақтығы кемінде 36 сағатты құрайды, содан кейін қатысушыларға кемінде үш ай бойы курстан кейінгі онлайн-сүйемелдеу көрсетіледі, – деп хабарлады Айгүл Шәкірова.

ӨКП өкілі соңғы кезеңде арнайы жобалық топ өз жобаларының табыстылығын анықтау және қорытынды есепті қалыптастыру мақсатында қатысушыларға мониторинг жүргізетінін айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив