KZ
Өскемен
+17°
небольшая облачность жел 2 м/с, СШ
451.77 485.97 5.07

«Қызыл Жарты Ай» еріктілері жауынгерлерге сабақ өткізді – ШҚО

Фото: gov.kz

26.05.2023, 10:29 226

ШҚО ТЖД және Өскемен қаласының ТЖД қызметкерлері «Қызыл Жарты Ай» қоғамы филиалының ШҚ еріктілерімен бірлесе жауынгерлерге оқыту және практикалық сабақтар өткізді.

Бұл жолы мамандар ҚР Ұлттық ұланының №5518 әскери бөлімінің сарбаздарына арнайы тәсілдер мен шараларды көрсетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сабақ барысында өрт кезіндегі мінез-құлық ережелері, төтенше жағдайдағы жеке құрамның іс-әрекеті, зардап шегушіге көмек көрсету, алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдана білу сынды тақырыптарға басымдық берілді. Сонымен қатар ТЖ қызметі мамандары судағы әрекет ережелерін және суға батып бара жатқан адамға көмек көрсету дағдыларын түсіндірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив