KZ
Өскемен
+27°
пасмурно жел 2 м/с, С
475.03 517.21 5.44

«Шығармашылық шабыт» облыстық байқауы ұйымдастырылды – ШҚО

Фото: gov.kz

26.05.2023, 10:50 265

25 мамырда Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің базасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер арасында «Шығармашылық шабыт» облыстық сәндік-қолданбалы шеберлік байқауы өткізілді.

Байқауға 30-дан астам студент жұмыстарын ұсынған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Байқау ерекше білім  беру қажеттіліктері бар  жастардың шығармашылық іс-әрекетінің эмоционалды-жағымды фонын құруға бағытталған.

Авторлық жұмыстар бірнеше бағыт бойынша қабылданған. Дәлірек айтқанда, көркем тоқыма, көркем кестелеу, мата бойынша көркем сурет салу, ағашты көркем өңдеу, дәстүрлі емес материалдардан жасалған бұйымдар, ағашқа сурет салу, кескіндеме және сурет салу сынды сәндік-қолданбалы өнер бағыттарына бөлінді.

Байқау қорытындысы бойынша жүлдегерлер анықталды. 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив