KZ
Өскемен
+20°
небольшая облачность жел 2 м/с, СБ
449.76 483 5.05

Шығыста әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға ешқандай кедергі жоқ

ШҚО КП

26.05.2023, 12:05 299

Облыстық кәсіпкерлер палатасы жанындағы "Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы" бағыты қызметтердің бірнеше түрін ұсынуды көздейді.

Оның ішінде консультациялар, кәсіптік және бизнес-оқытуды, сондай-ақ қолөнердің дәстүрлі түрлерін оқытуды ұйымдастыру, менторлық, қаржыландыруды тартуға оқыту (краудинвестинг, инвестициялар, гранттар, лизинг), әйелдер кәсіпкерлігінің өкілдеріне халықаралық жобаларға тарту бойынша жәрдемдесу (ақпараттандыру), бизнес-шолу жүргізу, "Бір ауыл – бір өнім" жобасы шеңберінде жергілікті шикізаттан өнімді ұсыну және әзірлеу жөніндегі қызметтер бар, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Өткізілген тестілеу қорытындылары бойынша шекті мәнге кемінде 70% жеткен жағдайда қатысушыларға оқуды аяқтағаны туралы белгіленген үлгідегі сертификат беріледі. Сонымен қатар оқыту кестесі әйелдердің ата-аналық және отбасылық міндеттерін ескере отырып жасалатынын атап өткен дұрыс, өйткені олардың көпшілігі – өз бетінше ақша тапқысы келетін көпбалалы аналар, – деп нақтылады Айгүл Шәкірова.

ӘКДО шеңберіндегі тәлімгерлік қызметтерді ментор бизнес басшысының құзыреттерін бағалауды жүзеге асыратын және оның құзыреттерін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейтін тәлімгер көрсетеді.

Ментор ментиге 6 айдан аспайтын мерзімге немесе күнтізбелік жылдың соңына дейін персоналды басқару, қаржылық және іскерлік сауаттылық, бизнес-процестерді оңтайландыру, маркетинг және тауарларды жылжыту, сондай-ақ бизнесті дамыту мен кеңейтудің тұрақтылығына қатысты мәселелерді қоса алғанда, анықталған өзекті қажеттіліктер мен басымдықтар негізінде қолдау көрсетіп жүреді.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ментор ретінде ШҚО бойынша "Атамекен" ҰКП Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Елена Березинская-Әбілова қызмет көрсетеді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив