KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
444.79 481.04 4.95

Даниал Ахметов медицина қызметкерлерімен кездесті – ШҚО

Фото: Ашық дереккөзден алынды

26.05.2023, 16:39 213

ШҚО әкімі Даниал Ахметов медицина қызметкерлерімен кездесіп, саладағы жаңашылдықтар мен мәселелерді талқылады.

Әкім PACS жүйесінің диагноз қоюдағы тиімділігін, жоспарланған медициналық нысандар, сала мамандарынан күтілетін қызмет сапасы туралы айтып өтті, деп хабарлайды Altanews тілшісі.

– Кеше өңірдің медицина саласының қызметкерлерімен кездесіп, оның барысында бірқатар мәселелер талқыланды. Соңғы жылдары денсаулық сақтау саласына орасан зор қаражат бөлінгенін бірден атап өткен жөн. ПЭТ компьютерлік томографы орнатылған онкологиялық орталық ғимаратының құрылысы аяқталып қалды, кардиоқызметі бар гематологиялық орталық салынып жатыр, аудандық ауруханалар да қажетті қондырғылармен жарақтандырылып келеді. Жыл сайын дәрігерлер мен орта медициналық персоналды оқыту мен біліктіліктерін арттыру алдыңғы қатарға қойылған. Сонымен қатар PACS жүйесі енгізілді, ол дәрігерлердің дұрыс диагноз қоюдағы күш-жігерін біріктіруге мүмкіндік береді. Кейбір аурулар бойынша біздің көрсеткіштеріміз орташа республикалық деңгейден жоғары. Енді медициналық қызметкерлерден ауруларды ерте анықтау және емдеу бойынша жауап алу уақыты келді. Биыл Риддерде аурухана құрылысы, Өскемен медициналық орталығында жөндеу жұмыстары басталды. Оның қажеттілігі туралы маған облыс орталығының тұрғындары бірнеше рет шағымданған. Жалпы, бүгінде аудандық ауруханаларда перзентхана қызметтерінің барлық кешені бар, яғни қалаға барудың еш қажеті жоқ. Сондықтан мен өңір дәрігерлеріне соңғы бірнеше жылда денсаулық сақтау саласындағы барлық оң өзгерістерге тиісті қызметпен жауап беру міндетін қойдым, – деді аймақ әкімі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив