KZ
Өскемен
+33°
небольшая облачность жел 2 м/с, Ю
474.83 515.38 5.5

Облыстық зияткерлік марафон мәресіне жетті — ШҚО

Фото: Шартты сурет

27.05.2023, 10:33 248

ШҚО білім басқармасының «Дарын» орталығы 26 мамырда Балаларды қорғау күніне арналған «Білім жолы» облыстық зияткерлік марафонын өткізді.
Марафон мектепалды даярлық сыныптарындағы балалардың танымдық белсенділігін арттыруға және қолдауға, олардың шығармашылық тұрғыдан дамуына ықпал етуге бағытталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Марафонға 5-6 жас аралығындағы 150-ден астам жас бүлдіршін қатысты. Байқауда математика, тілдерді білу, әдебиет, шығармашылық және спорт салаларында стандартты емес тапсырмалар әзірленді.
Қорытындыда аудандық және қалалық командалар номинацияларға ие болды. Командаларға дипломдар мен кубоктар беріліп, барлық балаларға кеңсе тауарлары салынған рюкзактар мен тәтті сыйлықтар табысталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив