KZ
Өскемен
+27°
переменная облачность жел 2 м/с, СБ
473.15 515.12 5.4

Жер учаскелері туралы техникалық шарттарды геопорталдан алуға болады — ШҚО

Фото: Шартты сурет

27.05.2023, 16:49 227

ШҚО жер қатынастары басқармасы тұрғындардың қолдануына ыңғайлы арнайы геопортал құрған. Онда бос жер учаскелері мен инженерлік коммуникациялардың электронды карталары орналастырылған.
Енді облыс тұрғындары өтініш берушімен тікелей байланыссыз, бірегей сайт арқылы техникалық шарттарды электронды форматта ала алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Дәулет Сармановтың мәлімдеуінше, геопортал қызметіне 117 мыңнан астам қолданушы жүгінген. Портал азаматтарға және бизнес өкілдеріне өтініш берушімен тікелей байланыссыз, электронды форматта техникалық шарттарды ұсыну қызметтерін көрсетеді. Сонымен қатар ЭЦҚ пайдалана отырып құжаттарды электронды нұсқада алу мүмкіндігі де қарастырылған.
2021 жылы ШҚО геопорталы тәжірибелік пайдалануға берілді. Бағдарлау үшін Google және Yandex картографиялық қызметтерін қосу мүмкіндігі жасалды.
Мәлімет бойынша, Жер қатынастары басқармасы ШҚО геопорталын өнеркәсіптік пайдалануға енгізу бойынша жұмыстарды биыл аяқтауды жоспарлап отыр. Дерекке сүйенсек, геопортал белгіленген талаптарға сәйкес жер учаскелерін электронды беру қызметіне көшуге дайын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив