KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 4 м/с, В
474.83 518.99 5.4

Дәрігерлер Шәкәрімнің шығармашылығына арналған конференция ұйымдастырды — ШҚО

Фото: gov.kz

28.05.2023, 10:33 337

24 мамырда Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасында Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына орай «Шәкәрімнің ұлы мұрасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Шараны Денсаулық сақтау министрлігі мен  ШҚО денсаулық сақтау басқармасы «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында ұйымдастырды.
Конференция тарихи мұра мен мәдениетті дамыту бағытында құндылықтарды насихаттауға, мемлекеттік тілді дәріптеуге бағытталған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Шара шеңберінде медицина қызметкерлері қаламгердің өлеңдерінен үзінді оқып, челлендж өткізген. Оған 30 маман қатысты. Сонымен қатар Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы, өмірі мен аударған туындылары туралы ой айтылды.
Конференция аясында ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің ұжымы өнер көрсетіп, облыстық этнографиялық  саябақтың мұражай-қорығында экскурсия өткізіліп, суретшілер көрмесі ұйымдастырылды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив