KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 1 м/с, С
474.09 514.01 5.48

ШҚО-да саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Фото: ШҚО ақпарат орталығы

31.05.2023, 21:13 351 Мадина Амангелдіқызы

Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Таңбаланған адамдар және тағдырлар» атты экспозициялық көрме ашылды.

Көрмедегі материалдар саяси қуғын-сүргін құрбаны болған шығысқазақстандықтардың қайғылы тағдырын баяндайды. Құжаттар мен фотосуреттер сол уақытта адамдардың қалай заңсыз сотталып, атылғанын куәландырады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Тарихи деректерге сүйенсек, 1927-1953 жылдар аралығында қазақ жерінде 125 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшыраған, оның ішінде 25 мың адам ату жазасына кесілді. Олардың қатарында Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Міржақып Дулатұлы, Бейімбет Майлин сынды Алаш арыстары бар. Жалпы, «Алаш-Орда» ісі бойынша барлығы 4297 адам қуғын-сүргінге, оның 2062-сі ату жазасына ұшыраған.

Музейдегі экспозицияның орталық бөлігі Алаш көшбасшыларын еске алуға арналған. Мұнда Алаштың ұлы тұлғаларына қатысты фотосуреттер мен құжат көшірмелері қойылды.

Экспозицияда 1921-1922 жылдардағы ашаршылыққа, конфескелеуге байланысты құжаттар да бар.

 

  «Қуғын-сүргін қоғамның мәдени және білім беру дамуына ықпал еткендердің ең жақсысын жойды. Шығыс Қазақстанда 1350 адам қуғынға ұшырап, 300 адам атылған»,  деді Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейінің меңгерушісі Альфия Бақбаева.

Сондай-ақ экспозицияда Қазақстанға жер аударылған поляктар, корейлер, немістерді, Солтүстік Кавказ халықтары жайлы баяндалады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив